ЕО-ға мүше елдер АҚШ-қа санкция салады

1743

ЕО-ға мүше елдер АҚШ-қа санкция салады

Еуро одаққа мүше елдер АҚШ экспортына 25 пайыз баж салығын салуға келісті. Бұл - осыдан жарты ай бұрын Ақ үй қабылдаған шешімге қайтарылған қарымта, деп хабарлайды Atameken TV.

Естеріңізде болса, Америка Еуропадан тасымалданатын болат пен алюминийге салықты көтеріп жіберген болатын. Енді кәрі құрлықтағы ел АҚШ импортына санкция салады. Олар: ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, косметика, киім-кешек, металл өнімдері және су көліктері мен мотоцикл.

Шешім күшіне ену үшін оны Еурокомиссия мақұлдауы керек. Кезекті жиын 20 маусым күні болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу