Ол АҚШ президенті Дональд Трамп пен Мысыр басшысы Абдель Фаттах ас-Сисиге саммитті ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еуропалық одақ Газа секторын қалпына келтіру ісіне белсенді қатысатынын және шекара қауіпсіздігі мен полицияны оқыту бағытындағы миссияларын қайта бастайтынын мәлімдеді.
Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Коштаның айтуынша, ЕО Халықаралық бейбітшілік кеңесінің жұмысына қатысып, өтпелі басқару, қалпына келтіру және қайта құру процестерін қолдауға дайын.
Сондай-ақ, қолайлы жағдайда гуманитарлық көмекті арттыру көзделіп отыр. Еуропалық одақ Палестина әкімшілігі мен реформалар бағдарламасына 2025-2027 жылдары 1,6 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр.
ЕО EUBAM Rafah және EUPOL COPPS миссияларын қайта іске қосып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен полиция даярлығын күшейтпек. Бұл бастама Газа секторында атысты тоқтату және бейбітшілік орнату туралы Мысырда өткен келісіммен байланысты.