ЕО Газаға гуманитарлық көмекті 25 млн еуроға арттырды

379

Жалпы, ЕО Газа тұрғындарына гуманитарлық жәрдем беру мақсатында 100 миллион еуро жұмсайды.

ЕО Газаға гуманитарлық көмекті 25 млн еуроға арттырды Фото: freepik.com

Еурокомиссия (ЕК) дүйсенбіде Еуроодақ Газа секторы үшін гуманитарлық көмекті 25 миллион еуроға арттыратынын хабарлады, деп жазады inbusiness сайты interfax агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгін мен Газаға гуманитарлық көмекті тағы 25 миллион еуроға арттырып жатқанымызды жариялай аламын. Осылайша, Еуропалық Одақ Газаның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге барлығы 100 миллион еуро жұмсайды", – деді ЕО басшысы Урсула фон дер Лейен Брюссельдегі ЕО елшілерінің жыл сайынғы жиналысында сөйлеген сөзінде.

Сонымен бірге, Еурокомиссия төрағасы ЕО Израильмен, Египетпен және БҰҰ-мен "Газаға көбірек конвойларды, соның ішінде, гуманитарлық қажеттіліктер үшін дәліздерді қолдану арқылы өткізу" үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Гуманитарлық ұйымдарға су мен санитарияға, денсаулық сақтауға, азық – түлікке және басқа да қажеттіліктерге назар аудара отырып, қолдау көрсету үшін жаңа жәрдем көрсетіледі", – делінген ЕК коммюникесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу