ЕО Иерусалимдегі шиеленісті тоқтатуға үндеді

620

Израиль аумағына Газа секторынан 150-ден астам зымыран атылды.

ЕО Иерусалимдегі шиеленісті тоқтатуға үндеді Фото: reuters.com

Еуропалық Одақ Иорданияның батыс жағалауындағы, Шығыс Иерусалимдегі, сондай-ақ Газа секторы мен оның айналасындағы қақтығысты дереу тоқтату керектігін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЕО сыртқы саясат қызметінің сайтына сілтеме жасап.

"Газадан Израиль тұрғындарына зымыран ату тоқтатылуы тиіс,бұл қадам шиеленістің өршуіне әкеліп соғады.Барлық көшбасшылар экстремистерге қарсы әрекет етуге міндетті. Қасиетті орындардың мәртебесі сақталуы керек", – деп жазылған мәлімдемеде.

Палестиналық Al-Quds газетінің дерегіне сүйенсек, бұған дейін Израильдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінен намаз оқығу келгендерді қуып жіберген. 10 мамырда "Иззэддин Әл-Кассам" тобы  Израиль билігінен барлық қауіпсіздік күштерін Храм тауы мен Шейх Жарраха аймағынан шығаруға, сондай-ақ қақтығыстар кезінде ұсталғандардың барлығын босатуды талап етті.

Израиль әскери күштерінің мәліметінше, осыдан кейін Израиль аумағына Газа секторынан 150-ден астам зымыран атылды. Израиль бұған жауап ретінде Газадағы радикалды нысандарға соққы жасады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу