ЕО Иранның ядролық келісімді бұзғанына алаңдаулы

728

Бірлескен іс-қимылдар жоспарын бұзу АҚШ тарапынан санкциялардың үдеуіне әкелуі мүмкін.

ЕО Иранның ядролық келісімді бұзғанына алаңдаулы

Еуропалық одақ болса, Иранның ескертпестен ядролық келісімді бұзғанына ренжулі. Халықаралық ұйымның төрағасы Дональд Тусктің айтуынша, ресми Теһран бірлескен іс-қимылдар жоспарын өрескел бұзған. Оның арты тағы да АҚШ тарапынан санкциялардың үдеуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи 2015 жылы бекітілген Вена келісімін бұдан ары сақтаймайтындықтарын және төмендетілген уран өндірісін 3,67%-дан арттыратындықтарын айтқан болатын. Мұнымен қоса, Иран АҚШ-тың қатысуымен Еуропа елдерімен жасалған тағы біраз маңызды шарттың күшін жоймақ.

Айта кетейік, ядролық іс-қимылдар келісімі Иран, Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық одақ арасында жасалған. Енді МАГАТЭ-нің шұғыл жиыны өтуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу