ЕО қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді қарастырады

766

ЕО қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді қарастырады

Еуропа одағы (ЕО) қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы  ҚР сыртқы істер министрі  Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"Бүгін Еуропа одағынан жақсы хабар келді. ЕО жақын арада Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесін қарастыруға кіріседі. Біз, сыртқы саяси ведомство ретінде, ары қарай жұмысты жалғастырамыз", - деді Қайрат Әбдірахманов.  
Бұл ретте, мәжілісмен Мәулен Әшімбаев ЕО елдерімен визалық режимді жеңілдетуге Қазақстан көптен бері кіріскенін атап өтті.  
"Соңғы жылдар бойына Қазақстан біздің азаматтарымыздың еуропалық елдерге бару режимінің жеңілдетілуіне күш салып келді, атап айтсақ ЕО елдеріне. Әрине, шешім әлі қабылданған жоқ. ЕО бұл мәселені қазір мұқият және нақты қарауға дайын екендерін жеткізді.  Мен оны қарау туралы шешімнің қабылданғанының өзі – үлкен қадам деп ойлаймын", - деп түсіндірді Әшімбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу