ЕО Киевке қосымша €50 млрд қаражат бөледі

476

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, ол Украинаның қазіргі жағдайдағы негізгі қажеттіліктеріне және қалпына келтіру жұмыстарына бағытталмақ. 

ЕО Киевке қосымша €50 млрд қаражат бөледі Фото: Tengrinews.kz

ЕуроОдақ Киевке €50 млрд көлемінде қаржылық көмек бөлуге әзірленіп жатыр. Оның ішінде жалақы мен зейнетақы төлемдері де бар. Қаражат гранттар, жеңілдетілген кредит және кепілдемелер түрінде беріледі.

Ал Еуроодақ ол ақшаны нарықтан берешек ретінде алмай, мүше мемлекеттердің  жарнасының есебінен бөлмек. Айтқандай, бұл қаржыны бөле отырып, Еуродақтың Украинаға қойған талабы бар. Ол – елде заң үстемдігін орнату және жемқорлықпен күресу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу