Онлайн форматта өткен әңгімеге Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Франция президенті Эмманюэль Макрон, сондай-ақ Италия, Дания, Польша, Нидерланд, Норвегия және Швецияның премьер-министрлері қатысты. Сонымен қатар диалогқа Канада премьер-министрі Марк Карни, НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен қосылды.
Владимир Зеленский кейінірек әлеуметтік желілерде талқылаудың негізгі тақырыбы Киев қазіргі таңда ұстанып отырған "дипломатиялық бағыт" пен "аса маңызды басымдықтар" болғанын хабарлады. Зеленскийдің Украинаға серіктес еуропалық елдермен кезекті консультациясы Ақ үй басшысымен кездесуінен кейін өтеді.
Дональд Трамп Владимир Зеленскийді 28 желтоқсанда Палм-Бич курортты қаласында орналасқан Мар-а-Лаго резиденциясында қабылдауды жоспарлап отыр. Бұған дейін көшбасшылардың кездесуі жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден 13:00-ге ауыстырылғаны белгілі болды.
Ақ үй кездесудің уақыты не себепті өзгертілгенін айтпады.