ЕО Қырымға салынған санкцияны тағы да бір жылға ұзартады

921

Маусымның соңында құжат күшіне енеді.  

ЕО Қырымға салынған санкцияны тағы да бір жылға ұзартады

ЕО елдері 9 маусымда Еуропалық Одақ елдерінің тұрақты өкілдері комитетінің отырысында Қырымға қарсы санкцияларды бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz комитеттің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Еуропалық Одақ елдерінің тұрақты өкілдерінің комитеті Қырым мен Севастопольді заңсыз аннексиялауға жауап ретінде қабылдаған ЕО Кеңесінің шектеу шараларына қатысты шешімін мақұлдайды. Осыдан кейін шешімді ЕО Министрлер Кеңесі бекітеді, маусымның соңында құжат күшіне енеді.

ЕО-ның Қырымды аннексиялауды мойындамау стратегиясы аясында 2014 жылдың маусым айында Еуропалық Одақ Қырым мен оның тұрғындарына қарсы санкциялар жариялады. Бұл санкциялар бойынша, еуропалық бизнеске Қырым кәсіпорындарымен жұмыс істеуге, еуропалық әуе компанияларына Қырымға ұшуға, кемелерге Қырым порттарына енуге тыйым салынды. Сонымен қатар Ресей азаматтығын алған Қырым тұрғындарына виза берілмейді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу