ЕО Лукашенкоға қарсы санкция салмайды

651

Бірақ Польша мен Балтық елдері басқа пікірде.

ЕО Лукашенкоға қарсы санкция салмайды Фото: ria.ru

Еуроодақ Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы санция салмайды. Бұл туралы Die Welt басылымы хабарлады.

Ресми дерек бойынша,  әуелі Германия шектеу шараларына қарсылық білдірген, кейін оның ұстанымын Франция мен Италия қолдады. Бірақ одақтың кейбір елдері, мысалы Польша мен Балтық республикалары Лукашенконы санциялық тізімге енгізуді көздеп отыр. 

Ескере кететін жайт, ЕО Беларусьта өткен президенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, халықаралық стандарттарға сай емес деген баға беріп, оны қайтадан өткізуді талап етті. Ресми Киев те осындай пікір білдірді. Бірақ Лукашенко ешқандай да сайлаудың болмайтынын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу