ЕО мен АҚШ Беларусьты көші-қон дағдарысына кінәлі деп айыптады

995

Олар Минскіден Еуропалық Одаққа қысым көрсетуді дереу тоқтатуды талап етті. 

ЕО мен АҚШ Беларусьты көші-қон дағдарысына кінәлі деп айыптады

Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ мемлекеті Беларусь Польшамен шекарадағы көші-қон дағдарысын ұйымдастырды және көршілес елдердегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін мигранттарды пайдаланды деп айыптады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Эстония, Франция, Ирландия, Норвегия, Албания, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттері осындай позицияны ұстанып отыр.

Олар Минскіден Еуропалық Одаққа қысым көрсетуді дереу тоқтатуды талап етіп, халықаралық қауымдастықты Беларусьтің әрекетіне жауап беруді ұсынды. Сонымен қатар ЕО мен АҚШ Ұлыбританиямен бірлесе Минскіге қарсы санкциялар енгізу жағын талқылауға дайын екендігін мәлімдеді.

10 қарашаға қараған түні мигранттардың екі тобы Беларусь пен Польша шекарасынан өткен болатын. Бұл 2021 жылдың көктемінен бері жалғасып келе жатқан дағдарыстың өршуіне әкеліп соқты. Еуропалық Одақ елдері дағдарысқа ресми Минск айыпты деп отыр. Сондықтан одақ жаңа санкциялар енгізуден тайынбайтынын жария етті.

Беларусь пен Еуропалық Одақ елдерінің шекарасындағы көші-қон дағдарысы Президент Александр Лукашенко босқындар мен есірткі трафигін бақылауды қысқартамын деп айтқаннан кейін басталды. Бұл мәлімдемені ол Минск пен батыс елдері арасындағы кезекті шиеленіс кезінде жасаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу