ЕО мен НАТО 2022 жылдың маусымына дейін ортақ декларация шығарады

820

Саммитке қатысушылар қорғаныс жүйесінің тұжырымдамасын талқылады.

ЕО мен НАТО 2022 жылдың маусымына дейін ортақ декларация шығарады

Еуропалық Одақ пен НАТО 2022 жылдың маусымына дейін, яғни Солтүстік Атлантикалық альянстың келесі саммиті өтетін кезде жаңа декларация дайындайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишельдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз НАТО-мен бірлесе жаңа саяси декларация қабылдаймыз", – деп жазылған мәлімдемеде.

Еуропалық Кеңестің төрағасы ЕО мен НАТО арасындағы ынтымақтастық қауымдастық қауіпсіздігінің негізі деп жариялады.

Бұған дейін саммитке қатысушылар "ЕО стратегиялық компасы" деп аталатын қорғаныс жүйесінің тұжырымдамасын және Еуропалық Одақтың әрекет ету күштерін құру жоспарын талқылады. Мишельдің айтуынша, бұл стратегия мен жедел әрекет ету күштерін құру жоспарлы 2022 жылдың наурыз айында бекітілуі керек.

Еске сала кетсек, АҚШ НАТО-ның Украинаны өз құрамына алу туралы шешіміне әсер ете алмайтынын Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки мәлімдеген еді.

"НАТО-ның есіктері ұйымға кіргісі келетіндер үшін ашық болуы керек. Яғни өз міндеттемелерін орындайтындар және еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатындар үшін ашық", – деді Псаки.

Табиғат Нұрболат

Фото: nato.int

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу