ЕО мен Жаңа Зеландия еркін сауда туралы келісті

334

Еуроодақ еркін сауда келісімінің арқасында  Жаңа Зеландияға инвестицияларды 80 пайызға, ал тауар айналымын 30 пайызға арттыруға ниетті.  

ЕО мен Жаңа Зеландия еркін сауда туралы келісті Фото: traders-union.ru

Еуропалық Одақ пен Жаңа Зеландия өкілдері өзара еркін сауда туралы келісімге, сондай-ақ Жаңа Зеландияның ЕО әртүрлі зерттеулерге инвестиция салатын Horizon Europe бағдарламасына қатысуы туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа қол қою туралы Еуропалық комиссияның (ЕК) төрағасы Урсула фон дер Ляйен (Ursula von der Leyen) және Жаңа Зеландия премьер-министрі Крис Хипкинс бірлескен үндеуінде түсініктеме берді.

Еурокомиссия басшысының айтуынша, келісімдерге қол қою Еуроодақ елдері мен арал мемлекеті арасындағы сауда айналымын 30 пайызға, ал ЕО-ның Жаңа Зеландияға инвестицияларын 80 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз зиянсыз технологиялардың, биотехнологиялардың, цифрлық жобалардың, денсаулық сақтаудың жаңа буынында бірлесіп жұмыс істеу үшін ең үздік шешімдеріміз бен мүмкіндіктерімізді біріктіруді асыға күтеміз", - деді фон дер Ляйен.

Өз кезегінде Жаңа Зеландия премьер-министрі ЕО-мен қол қойылған келісім "екі ел арасындағы серіктестікке де үлкен пайда әкелетінін" және мемлекет пен Еуроодақтың бірлескен құндылықтарын көрсететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу