ЕО Мьянмада төңкеріс жасағандарға санкция салмақ

834

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді.

ЕО Мьянмада төңкеріс жасағандарға санкция салмақ

Еуроодақ Мьянмада жасалған әскери төңкерісті айыптай отырып, оған қатысы бар адамдарға қарсы санкция салуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ЕО Кеңесінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Кеңес Мьянмадағы әскери төңкерісті айыптайды және осы елдің халқына қолдайды. Осыған қатысты тиісті құжат қабылданды. Министрлер елдегі төтенше жағдайды тез арада тоқтату, үкіметті қалпына келтіру және жаңадан сайланған парламенттің жұмысын бастау арқылы қазіргі дағдарысты еңсеруге үндеді", – деп жазылған құжатта.

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Олар "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де босатпай отыр.

АҚШ, Аустралия, Британия, ЕО және БҰҰ қамаудағыларды босатуға үндеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу