ЕО Навальныйға байланысты Ресейге санкция салады

816

Тізімге Ресей гвардиясының директоры, Тергеу комитетінің төрағасы, Бас прокурор енгізілуі мүмкін.

ЕО Навальныйға байланысты Ресейге санкция салады

ЕО-ның СІМ басшылары Алексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға байланысты бірқатар ресейлікке қарсы санкцияларды күшейтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Хосеп Боррельдің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз оның тұтқындалуына, үкіміне және қудалануына қатысы бар адамдарға қарсы шектеу шараларын енгізу туралы келісімге келдік. Осы орайда біз алғаш рет адам құқығы бұзылғаны үшін санкциялардың жаңа режимін қолданамыз", – деді Боррель.

Оның айтуынша, шектеулерді дайындау шамамен бір аптаға созылады.
Reuters агенттігінің мәліметінше,шешім Брюссельде өткен саммитте қабылданған. Тізімге Ресей гвардиясының директоры, Тергеу комитетінің төрағасы, Бас прокурор енгізілуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Фото: eyes-on-europe.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу