ЕО Навальныйға қатысты жағдайды тергеуді талап етуде

473

Оппозиционер "атропин" деген препаратпен емделіп жатыр.

ЕО Навальныйға қатысты жағдайды тергеуді талап етуде

Еуроодақтың сыртқы байланыс және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Жозеп Боррель оппозиционер Алексей Навальныйдың улануын дереу тергеуді Ресей билігінен талап етіп отыр. Бұл туралы альянстың сайтында жарияланған.

24 тамызда Германия дәрігерлері Навальныйдың денсаулығының күрт нашарлауына улы зат себеп болған деп мәлім еткен еді. Олар қазір Навальныйды "атропин" деген препаратпен емдеп жатыр. Әзірге нақты қандай химиялық зат екені анықталмады. Тек улы заттың "холинэстераза ингибиторы" тобына жататыны белгілі. 

Еске сала кетейік, 20 тамызда Навальный Томск қаласының әуежайынан ұшаққа отырып, Мәскеуге аттанбақ болады. Бірақ кенеттен денсаулығы күрт нашарлап, ұшақ жедел түрде Омск қаласына қонды. Ол екі күн бойы осы шаһардағы ауруханада жатты. Дәрігерлер оған нақты не болғанын анықтай алмаған соң, ол 22 тамызда Германиядағы "Шарите" клиникасына ұшақпен жеткізілді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу