ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының ресми тұсаукесері болды

840

Қырғызстанның астанасында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" 15-ші жыл сайынғы министрлік конференциясы өтті.

ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының ресми тұсаукесері болды

Шараға Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты.

СІМ баспасөз қызметі конференцияның басты оқиғасы ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының ресми тұсаукесері болғанын хабарлады.

Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрі стратегия мәтініне жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, көлік-логистикалық инфрақұрылымды, энергия тиімділігін, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану, білім беру, цифрландыру бойынша және т.б. қазақстандық ұсыныстарды енгізуді құптады.

Қазақстандық делегация өңірлік жобаларды қаржыландыру үшін ЕО инвестициялық тетігінің (IFCA) әлеуетін және Еуропалық инвестициялық банктің (EIB) мүмкіндіктерін іске қосуды, сондай-ақ осы форматтың шеңберінде қабылданатын саяси шешімдердің тиімділігін және халық хабардарлығын арттыру мақсатында ЕО-ОА ынтымақтастығының "виртуалды институционалдануын" өткізуді ұсынды.

"Қазақстан Жаңа стратегияда ЕО-ОА құралдарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ ЕО-ОА ынтымақтастығының тұтастығы мен көрнекі қабылдауына және визуализацияны қамтамасыз етуге көңіл бөлуді ұсынады", – деді Қазақстанның СІМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу