ЕО-ның шекараны ашу туралы шешімі жақында жарияланады

576

Әлемде вирус жұқтырғандардың саны 7,2 миллионнан асты.  

 ЕО-ның шекараны ашу туралы шешімі жақында жарияланады

Еурокомиссия шекараны 1 шілдеден бастап ашуға қатысты кеңесін осы аптада мәлім етеді. Одаққа мүше елдер осы құжатқа сәйкес шешім қабылдайды. Бұл туралы ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Осы аптаның соңына қарай Еурокомиссия 1 шілдеден бастап сыртқы шекарадағы шектеулерді біртіндеп азайтуға қатысты бағдарламасын ұсынады",–деді ол.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 7,2 миллионнан асып, оның 411 мыңы қаза тапқан. 3,3 миллионы ем-дом қабылдап жазылған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу