ЕО Орталық Азияға 28 млн еуро инвестиция салады

1522

Қомақты қаражат Орта Азия елдерінің тұрақтылығы мен дамуы, аймақтық байланыстарды арттыру, заң үстемдігі мен сауда-саттықты ұлғайту мақсатына жұмсалмақ.

ЕО Орталық Азияға 28 млн еуро инвестиция салады

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдеріне 28 млн еуро көлемінде инвестиция салады. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлсон мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қомақты қаражат Орта Азия елдерінің тұрақтылығы мен дамуы, аймақтық байланыстарды арттыру, заң үстемдігі мен сауда-саттықты ұлғайту мақсатына жұмсалмақ. Бұл үшін Нұр-Сұлтанда алғаш рет Орталық Азия елдерін дамытуға арналған үшжылдық бағдарлама қабылданды. 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында тұрақты дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекет. Алайда өңірдегі өзге елдер де Қазақстанмен бірге дамуы керек. Сонда ғана Орталық Азияның экономикалық ахуалы жоғарылайды дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу