ЕО Ресей Банкінің 23 млрд еуро тұратын активтерін бұғаттады

617

Наурыз айынан бері АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да Ресейдің Орталық банкіне санкциялар енгізіп, оның резервтерін тоқтатты.

ЕО Ресей Банкінің 23 млрд еуро тұратын активтерін бұғаттады

Еуроодақ елдері Ресей Федерациясының Орталық Банкінің 23 млрд еуро тұратын активтерін бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Еурокомиссар Дидье Рейндерстің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Еуропалық Комиссияның ЕО-ға мүше 27 елден алған ақпаратына сәйкес, бұл активтердің оннан бір бөлігі ғана одақ аймағында орналасқан.

Наурыз айынан бері АҚШ, Ұлыбритания және Жапония да Ресейдің Орталық банкіне санкциялар енгізіп, оның резервтерін бұғаттады.

Бұған дейін Еуроодақ Ресейдің активтері мен резервтері басқаруына қатысты операцияларға тыйым салған болатын. Құжатта Ресейдің орталық банкінің резервтерін, сондай-ақ активтерін басқаруға байланысты операцияларға, оның ішінде Ресейдің орталық банкінің атынан әрекет ететін кез-келген заңды тұлғамен, ұйыммен немесе органмен байланысты операцияларға тыйым салатыны жазылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу