ЕО Ресейге қарсы салынған санкция мерзімін ұзартты

631

2014 жылы Еуроодақ Украинадағы жағдай мен Қырымның Ресейге қосылуына байланысты Ресейге қарсы шектеулер жариялаған еді.

ЕО Ресейге қарсы салынған санкция мерзімін ұзартты

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жарияланған экономикалық санкцияларды алты айға ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЕО Кеңесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 
"ЕО Кеңесінің СІМ басшылары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге салынған салалық санкцияларды алты айға ұзарту туралы шешім қабылдайды. Шешім ешбір талқылаусыз шығарылады", – деп жазылған еді құжатта.

Шектеулерді ұзарту туралы саяси шешім 24 маусымда Брюссельде өткен саммитте қабылданды.

Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциялары жылына екі рет ұзартылады.
2014 жылы ЕО Украинадағы жағдай мен Қырымның Ресейге қосылуынан кейін, Ресейге қарсы шектеулер жариялаған еді. Санкциялар осы күнге дейін бірнеше рет ұзартылды. Визасыз режим және ынтымақтастық туралы негізгі келісім туралы келіссөздер тоқтатылды, Ресей Федерациясының шенеуніктері үшін одақ елдеріне кіруге тыйым салынды және олардың активтері бұғатталды. Сондай-ақ сауда, қаржы және әскери сипаттағы шектеулер жарияланды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу