ЕО Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзартады

664

Қазіргі уақытта қара тізімге Ресей Федерациясы мен Украинаның 177 жеке және 48 заңды тұлғасы енгізілді.

ЕО Ресейге қарсы санкция мерзімін ұзартады

ЕО елдерінің тұрақты өкілдерінің комитеті "Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігіне және тәуелсіздігіне нұқсан келтіруіне" байланысты Ресейге қарсы салынған санкцияларды ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл шектеу Ресейдің заңды және жеке тұлғаларына қарсы енгізілген болатын. ЕО Кеңесі құжатты қабылдағаннан кейін және оны ЕО-ның "ресми журналында" жариялағаннан кейін, комитеттің шешімі өз күшіне енеді. 

Бұған дейін ЕО елдерінің тұрақты өкілдері санкцияларды 2022 жылдың наурызына дейін ұзартпақшы деп хабарланған болатын. 

Қазіргі уақытта санкциялар тізіміне Ресей Федерациясы мен Украинаның 177 жеке және 48 заңды тұлғасы енгізілді. Шектеу бойынша оларға ЕО елдеріне баруға және тізімге енген адамдарға ақша беруге тыйым салынады. Сондай-ақ олардың қаржылық активтері бұғатталады.

ЕО Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзды деген айыппен Украина мен Ресей азаматтарына қарсы санкцияларды 2014 жылдың наурызынан бастап алты ай сайын ұзартып келеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу