ЕО Ресейге қарсы санкцияларды 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартты

476

ЕО Кеңесі СІМ басшылары деңгейінде Ресей Федерациясына қатысты оныншы санкциялар пакетін талқылады. 

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартты Фото: yandex.kz

Еуропалық Одақтың ресми журналы хабарлағандай, ЕО Ресейге қатысты санкцияны 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартуды мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Шектеу шаралары 2024 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартылуы керек", - делінген журналда.

Онда "Еуропалық Одақ Украинаны қолдауында мызғымас болып қала береді" және санкцияларды ұзарту туралы шешім ЕО ресми журналында жарияланғаннан кейінгі күні күшіне енетіні атап өтілді.

Алдыңғы күні ЕО Кеңесі СІМ басшылары деңгейінде Ресей Федерациясына қатысты оныншы санкциялар пакетін талқылады, бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғары өкілі Жозеп Боррель хабарлады.

Қазіргі уақытта ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларында 1 мың 386 жеке тұлға және 171 ұйым бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу