ЕО Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін жуырда жариялайды

671

"Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Ресейден тасымалданатын энергия көздеріне шекті бағаны енгізу мүмкіндігін қарастырады.

ЕО Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін жуырда жариялайды Фото: reuters.com

Еуропалық Одақ жақын арада Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін жариялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымының дерегінше, "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Ресейден тасымалданатын энергия көздеріне шекті бағаны енгізу мүмкіндігін қарастырады. Мұндай бастаманы Италия Премьер-Министрі Марио Драги ұсынды.

Бірқатар БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, ЕО Ресей Федерациясына қарсы жетінші санкциялар пакетін шілде айының соңына дейін дайындауды жоспарлап отыр. Алайда шектеу газ бен атом энергиясына салынбайды, алтын эмбаргосы жариялануы мүмкін.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Еуропалық Одақтың санкциялары әзірленуде деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Польша газ эмбаргосын ұсынған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу