ЕО Ресейге қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді

3313

Ресейліктерге 50 мың еуродан асатын автомобильдер, әуе және жүзу көліктерін сатуға тыйым салынады.

ЕО Ресейге қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді Фото: ria.ru

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ЕО Кеңесінің сайтына сілтеме жасап. 

"Президент Путин украин халқына қарсы соғысын үдете түссе, біз де Украинаны қолдап, Кремльдің әскери машинасын қаржыландыруды одан әрі шектейміз. Санкциялардың бұл пакеті Ресейдің экономикалық және материалдық-техникалық базасына ауыр соққы болып тиеді. Шектеулердің мақсаты – президент Путиннің адамгершілікке қарсы және ешқандай мағынасы жоқ соғысын тоқтату", – деді ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.

Bloomberg мәліметінше, Ресейге бағасы 300 еуродан асатын сәнді тауарларды сатуға тыйым салынады. Бұл тізімде зергерлік бұйымдар, киім, аксессуарлар, сигаралар, шампан, уылдырық, трюфельдер бар. Сонымен қатар ресейліктерге 50 мың еуродан асатын автомобильдер, әуе және жүзу көліктерін сатуға тыйым салынады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу