ЕО елдерінің СІМ басшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетіне қатысты өзара келісімге келе алмады, деп мәлімдеді Министрлер кездесуінің қорытындысы бойынша ЕО сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Біз Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакетін талқыладық. Бұл тақырыпқа кейінірек ораламыз, әлі атқаратын жұмыс бастан асады", - деді дипломат.
Еурошенеунік шектеу шараларының жаңа пакеті ең болмағанда осы аптада келісіледі деп үміттенеді.
Еурокомиссия өткен сәрсенбіде Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар пакеті бойынша ұсыныстар білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу