Еуропалық Одақ Ресейге қолдау көрсеткені үшін Иранға қарсы санкцияларды ұзартты

233

12 азамат пен 9 ұйымға қатысты шектеулер енгізілді. 

Еуропалық Одақ Ресейге қолдау көрсеткені үшін Иранға қарсы санкцияларды ұзартты Фото: 1news.az

Еуропалық Одақ Иранға "Ресейге қолдау көрсеткені" үшін және Тегеранның Таяу Шығыстағы қақтығыстағы "белсенділігі" үшін санкцияларды ұзартты. Тиісті мәлімдемені ЕО Кеңесі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шектеулер Ресей Федерациясын "әскери қолдауымен" және "Таяу Шығыс пен Қызыл теңіз аймағындағы қарулы топтар мен құрылымдармен" байланысты екендігі атап өтілді. Санкциялар 2025 жылдың 27 шілдесіне дейін қолданылады.

Шектеулер 12 азамат пен тоғыз ұйымға қатысты енгізілді: жеке тұлғаларға кіруге тыйым салу, Еуропа юрисдикцияларындағы активтерді бұғаттау, несиелеуге және инвестициялауға тыйым салу.

"Қолданыстағы шектеу шаралары жыл сайын қайта қаралатын болады", – деп атап өтті ЕО Кеңесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу