ЕО ресейлік мұнай мен газға қарсы санкциялар салмайды

1144

Венгрияның премьер-министрі елдің энергетикалық секторына қауіп төніп тұрған жоқ екенін мәлім етті.

ЕО ресейлік мұнай мен газға қарсы санкциялар салмайды

Еуропалық Одақ ресейлік газ бен мұнайға әсер ететін санкциялар салмайды.  Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан ЕО елдері басшыларының саммитінен кейін осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

"Біз үшін ең маңызды мәселе шешілді. Яғни Ресейдің газ немесе мұнай салаларына қарсы санкциялар енгізілмейді. Сондықтан Венгрияның энергетикалық секторына қауіп төніп тұрған жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Орбан Венгрия АҚШ сияқты ресейлік мұнай мен газ импортынан бас тартпайтынын айтқан болатын. Еске сала кетсек, АҚШ пен Ұлыбритания Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу