ЕО санкциялық текетіресте Қазақстан экономикасын аман алып қалу жолдарын қарастырады

618

Биыл Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. 

ЕО санкциялық текетіресте Қазақстан экономикасын аман алып қалу жолдарын қарастырады Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельде екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды салыстыру мақсатында Еуропалық одақтың негізгі институттарының жоғары өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі кабинетінің басшысы Камило Биариномен, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Басқарушы директорының орынбасары Люк Девиньмен және Еуропалық кеңес Президентінің сыртқы істер жөніндегі аға кеңесшісі Магдалена Грономен кездесулер өтті.

Биыл Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Р. Василенко бірінші кезекте 2022 жылдың күзінде өткен Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің Астанаға сапары мен Мемлекет басшысының Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Лейенмен келіссөздерінің қорытындылары бойынша уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.

"Бірлескен іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) тиімді және толық іске асыру масқатында жоспарланған екіжақты әрі көпжақты форматтардағы іс-шараларға дайындық бойынша нақты қадамдар талқыланды. Атап айтқанда, ҚР – ЕО Ынтымақтастық кеңесінің, саяси және сауда конфигурацияларындағы ҚР – ЕО Ынтымақтастық комитеттерінің 20-шы мерейтойлық отырысын, "Орталық Азия – Еуропалық одақ" екінші Экономикалық форумын өткізу мәселелері қаралды", - делінген СІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар, БҰҰ 19 наурызға жоспарланған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына еліміздегі дайындыққа ерекше назар аударып отыр.

Украинадағы қақтығысты қоса алғанда, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ оның айналасындағы санкциялық текетірестің Қазақстан экономикасы үшін ықтимал теріс салдарларын шектеу қажеттігі төңірегінде жан-жақты пікір алмасу өтті.

Еуропалық тарап екіжақты және көпжақты күн тәртібінің жоғары қарқынын атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және КӘЫК қағидаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. К. Биариноның пікірінше, соңғы уақытта Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызы артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу