ЕО шекарадан өту ережесін өзгертеді

638

Әр ел өз қалауынша шара қабылдайды.

ЕО шекарадан өту ережесін өзгертеді

Еуропалық Одақ коронавирус індетіне байланысты шекарадан өту ережелерін өзгертеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау жөніндегі еурокомиссар Стелла Кириакидис мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Кириакидистің айтуынша, халықтың 80%-дан кемі вакциналанған елдер COVID-19 таралуын тежеу үшін шектеулерді қатаңдатуы мүмкін. Ол одаққа мүше әр ел өз қалауынша шара қабылдай алатынын атап өтті.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге COVID-19 салдарынан Еуропада жарты миллион адам қайтыс болады деп топшылаған еді.

Оның сөзінше, ауа-райының суықтығы, вакциналау қарқынының төмен болуы мен жұқпалы штамдардың пайда болуы салдарынан Еуропада індеттің тағы бір толқыны байқалуда. Осы орайда бюро басшысы міндетті вакциналауды енгізуді ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу