ЕО қоғамдық орындарда шектеулерді сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Эпидемиологиялық жағдайы тұрақты және вакцинация қарқыны жоғары елдер ахуалды ескере отырып, фармацевтикалық емес шараларды біртіндеп қысқарту жағын қарастыруы мүмкін", – деді маман.
Ол фармацевтикалық емес шараларды халықтың вакцинацияланғанына қарамастан, кез-келген жерде сақтау керек екенін атап өтті. Алайда кейбір жағдайларда толық вакцинациядан өткен адамдар үшін талаптар жеңілдетілуі мүмкін.
30 маусымда Роспотребнадзор вакцинациядан кейін не істеу керектігін айтқан еді. Екпе салдырғаннан кейінгі алғашқы үш күнде жаттығулар мен сауналардан бас тарту керек, бірақ душ қабылдауға болады. Сондай-ақ мамандар алкогольді ішімдік ішпеу керектігін мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат