Еуропалық Одақ ресейлік "Спутник V" вакцинасын неліктен мақұлдамай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінде қазіргі уақытта ресейлік препаратты тіркеу үшін деректер жеткіліксіз. Урсула фон дер Ляйен еуропалық реттеушіге өтінімнің әлдеқашан жіберілгенін атап өтті.
13 шілдеде Reuters агенттігі өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Ресей тарапы вакцина туралы мәліметті ұсынбаған деп хабарлаған еді.
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев болса, бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Дмитриев ресейлік препаратқа кейбір ірі фармацевтикалық компаниялар оның беделін түсіру үшін ақпараттық шабуыл жасап жатыр деп мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат