ЕО тағы 300 миллион вакцина сатып алады

935

Еуропалық комиссия Pfizer/BioNTech компаниялармен арадағы келісімшартты өзгертті.

ЕО тағы 300 миллион вакцина сатып алады

Еуропалық комиссия Pfizer/BioNTech компаниялары жасап шығарған вакцинаның тағы 300 млн дозасын сатып алмақ. Бұл туралы комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады.

"Өздеріңіз білетіндей, Pfizer/BioNTech компаниялары бірлесе шығарған вакцинаның 300 миллион дозасын сатып алған едік. Келісімшартты өзгертіп, енді осы вакцинаның тағы 300 миллион дозасын аламыз", – деді ЕК басшысы.

21 желтоқсанда Еуропалық реттеуші Pfizer/BioNTech вакцинасын еуропалық нарыққа енгізді. Еурокомиссия сол бойда оны пайдалануға рұқсатын берді.
6 қаңтарда ЕО реттеушісі Moderna компаниясының екпесін мақұлдады.

Келісімшарт бойынша одақ елдеріне препараттың 160 миллион дозасы жеткізілуі тиіс.Еурокомиссия сондай-ақ AstraZeneca, Johnson&Johnson, Sanofi-GSK, CureVac компанияларының вациналарын сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Фото: iz.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу