Еуропалық Одақ еліне оралудан бас тартқан беларусьтық спортшы Кристина Тимановскаяға саяси баспана беру жағын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Франция СІМ-дегі мемлекеттік хатшы Клеман Бонның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
ЕО елдері жақын арада осыған қатысты нақты шешім қабылдайды. Чехия болса, спортшыға виза ұсынып отыр. Бұл елдің Сыртқы істер министрі Якуб Кулганек Токиодағы Чехия елшілігі Тимановскаяға көмектесуге дайын екенін мәлім етті.
Бұған дейін Беларусьтың Ұлттық Олимпиада комитеті Тимановскаяны Токио Олимпиадасындағы 200 метрге жүгіру жарысы қарсаңында құрамадан шығарып жіберген еді. Комитет мұндай шешім қабылдауға спортшының эмоционалды-психологиялық жағдайы түрткі болғанын жариялады. Бірнеше күн бұрын Тимановская шенеуніктерді сынға алған болатын.
Оппозициялық спорттық ынтымақтастық қоры спортшының Токиодан мәжбүрлі түрде шығарылып жатырғанын айтуда. Жапония үкіметі спортшының қазір қауіпсіз жерде екенін хабарлады.
Табиғат Нұрболат