ЕО Twitter-дің жаңа басшылығының саясатына алаңдаушылық білдірді

598

Еуропалық Одақ Twitter-дегі жаппай жұмыстан шығару, әлеуметтік желідегі жағымсыз ақпаратты бақылаудың әлсіреуіне алаңдайды, деп мәлімдеді еуропалық Әділет комиссары Дидье Рейндерс Дублиндегі әлеуметтік желінің штаб-пәтеріндегі келіссөздер қорытындысы бойынша. 

ЕО Twitter-дің жаңа басшылығының саясатына алаңдаушылық білдірді Фото: d2eehagpk5cl65.cloudfront.net

"Twitter штаб-пәтеріндегі кездесу барысында мен Цифрлық қызметтер туралы заңның және ЕО-дағы жеке деректерді қорғау туралы ереженің сақталуына қатысты ерікті міндеттемелердің орындалуын сұрайтынымызды атап өттім", - деді Рейндерс.

Бұған дейін ЕО Twitter және басқа да әлеуметтік желілер осы саладағы ЕО ережелеріне сәйкес зорлық-зомбылық пен арздыққа шақыру туралы хабарламаларды бақылаудың едәуір әлсірегенін дәлелдейтін жыл сайынғы есебін жариялады.

Сонымен қатар, Financial Times газетінің хабарлауынша, әлеуметтік желідегі ақпараттың еуропалық ережелерге сәйкестігін тексеруге жауапты қызметкерлер жұмыстан шыққаннан кейін Twitter өзінің Брюссельдегі өкілдігін жапты.

Илон Маск 2022 жылдың қазан айында 44 миллиард долларға онлайн платформаны сатып алғаннан кейін, Twitter компаниясының басқаруда да, әлеуметтік желіні жүргізу саясатында да бірқатар өзгерістер болады.

Маск қатаң цензура үшін көп сынға ұшыраған әлеуметтік желінің редакциялық саясатын өзгертуге және ондағы ақпаратты модерациялау кеңесін құруға уәде берді, ал кеңес жұмыс істемейінше - редакциялық саясат пен бұғатталған есептік жазбаларды қалпына келтіру туралы жаһандық шешімдер қабылданбайды. Маск сонымен қатар әлеуметтік желі жақын арада "біраз ақымақтыққа баратынын" ескертті. Компания түрлі әрекеттерге барып, жұмыс істейтін дүниені қалдырып, керек емес шаралардан арылмақ. 

Еурокомиссия Twitter компаниясының айналасындағы оқиғаларды бақылап отырғанын және ақпарат алмасудың басқа арналары туралы ойланатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу