ЕО: Украинаға 2023 жылы қосымша €13 млрд қажет

412

Еуропа Одағы Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады - Домбровскис.  

ЕО: Украинаға 2023 жылы қосымша €13 млрд қажет Фото: Цензор.НЕТ

Украинаға қалпына келтіру жұмыстарына биыл қосымша 13 миллиард еуро қажет, деді Еуропалық Комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис. Мұндай мәлімдеме Украинадағы Каховская ГЭС-тің қираған бөгеті тақырыбына арналған Еуропалық Парламент сессиясында жасалды, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Украина Ресей Федерациясымен қақтығыс салдарынан зардап шеккен нысандарын қайта құру және қалпына келтіру үшін қосымша көмекке мұқтаж.

"Еуроодақ бұл елге көмек көрсетуді жалғастырады. Украина биылғы жылы қосымша қолдауды қажет етеді, негізінен қалпына келтірудегі шұғыл шаралар аясында. Залалды бағалау және деректерді талдау барысында Украинаның 2023 жылға арналған шұғыл қажеттіліктері шамамен 13 миллиард еуроны құрайтыны анықталды", - деді Домбровскис.

ЕО-ның Украинаға 2022 және 2023 жылдардағы макро қаржылық көмегі бүгінгі күні 15 миллиард еуроға жақындағаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу