ЕО Украинаға Ресей активтерінен жылына 3 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр

639

Еуроодақ (ЕО) Украинаға көмектесу үшін Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайданы пайдалануды жоспарлап отыр. 

ЕО Украинаға Ресей активтерінен жылына 3 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр Фото: РБК

Оның айтуынша, ЕО жыл сайын кемінде 3 млрд еуро пайда көрмек, деп хабарлайды inbusiness.kz Бельгия Премьер-Министрі Александр де Кроо мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ол Еуропаға ЕО-ның қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтірмейтін осындай құқықтық тәсілді қолдану қажет екенін атап өтті. 

"ЕО-да бұғатталған ресейлік авуарлардың 90%-ы Бельгияда. Біз үшін бұл қаражаттың Украинаны қалпына келтірудегі рөлі маңызды екенін түсіну керек... біз артық пайда көруге ұмтыламыз, яғни жылына 3 млрд еуро сома табу көзделіп отыр", - деді премьер.

Мамыр айында Еурокомиссия Ресей Федерациясының бұғатталған активтерін тәркілеу және оларды Украинаға беру үшін заңды мүмкіндіктердің тапқандарын мәлімдеді. 

Алайда, Bloomberg мәліметтері бойынша, Еуропалық одақ Ресейдің барлық активтерін заңды түрде тартып алу мүмкін емес деген қорытындыға келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу