ЕО "вакциналық ұлтшылдықтан" бас тартуға үндеп отыр

698

Еуроодақ Халықаралық валюта қорының 2021 жылы әлем халқының 40 пайызына және 2022 жылы 60 пайызына вакцина егу жоспарын қолдайды. 

ЕО "вакциналық ұлтшылдықтан" бас тартуға үндеп отыр

Еуропалық Одақтың халықаралық дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель елдерді "вакциналық ұлтшылдықтан" бас тартып, коронавирусқа қарсы препараттарды мұқтаж аймақтарға таратуға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz РБК сайтына сілтеме жасап. 

Дипломаттың айтуынша, Еуроодақ Халықаралық валюта қорының 2021 жылы әлем халқының 40 пайызына және 2022 жылы 60 пайызына вакцина егу жоспарын қолдайды. Осы мақсатқа жету үшін елдер бірлесе жұмыс істеп, вакцинация процесіне саясатты араластырудан бас тартуы керек екенін мәлім етті.

Боррель "вакциналық сегрегацияға" жол бермеу үшін дамыған және дамушы елдердегі вакцинация қарқынын теңестіру керектігін тілге тиек етті. Оның сөзінше, мұндай бастама барлық тараптардың мүдделеріне сәйкес келеді, әрі дамуға кедергі келтіретін және геосаяси шиеленісті өршітетін шектеулерді алып тастау үшін қажет.
4 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық қауымдастықты коронавирустық вакциналарды кедей елдермен бөлісуге үндеген еді. Дәл қазір SARS-CoV-2 вакциналары Үндістанда тапшы. Бұған  өндірістің тоқтауы мен логистика мәселелері себеп болып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу