ЕО Венгрияның келісімінсіз Украинаға 20 миллиард еуроға дейін қаражат бөлу жолдарын іздестіруде

325

Бұған дейін, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақтың Киевке 50 миллиард еуро беру шешіміне тыйым салған болатын. 

ЕО Венгрияның келісімінсіз Украинаға 20 миллиард еуроға дейін қаражат бөлу жолдарын іздестіруде Фото: inbusiness.kz

ЕО билігі Венгрияның рұқсатынсыз Украинаны қаржыландырудың екі ықтимал нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші нұсқаға сәйкес, еуропалық елдер жалпы бюджет алдында қаржылық кепілдіктерді қабылдайды деп болжам жасап жатыр. Бұл Еурокомиссияға Киевке көмектесу мақсатында капитал нарығынан 20 миллиард еуроға дейін қарыз алуға мүмкіндік береді. Осыған ұқсас схема коронавирустық пандемия кезінде ЕО елдерін 100 миллиард еуроға дейін қамтамасыз ету үшін қолданылған. Бұл опцияны пайдаланудың Венгрия қолдамайтын жоспардан айырмашылығы – ЕО-ға мүше барлық елдердің мақұлдауын қажет етпейтіндігінде.

"Тағы бір нұсқа Украинаға арзан қысқа мерзімді несиелер беруді қарастырады. Осы схема бойынша, Украина 2023 жылы 18 миллиард еуро алды", - деп жазады басылым.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, Брюссель Киевке 2024 жылдың наурызына дейін көмектесуге уәде берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу