Еуропалық Одақ сыртқы шекараларды заңсыз мигранттар ағынынан қорғануға қатысты екі пилоттық жоба жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Брюссельдегі ЕО саммиті аяқталғаннан кейін Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz DPA агенттігіне сілтеме жасап.
Бірінші жоба Болгария мен Түркия шекарасында көлік құралдары, бақыланатын жолдар, бейнебақылау камералары мен күзет мұнаралары арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Жоба Еуропалық Одақ қорларынан, Болгарияның бюджетінен және ЕО-ның басқа елдерінің жарналары арқылы қаржыландырылуы мүмкін.
Урсула фон дер Лейеннің айтуынша, екінші пилоттық жоба мигранттарды тіркеуге, баспана туралы өтініштер бойынша тезірек шешім қабылдауға және бас тартылған босқындарды ЕО-ның сыртқы шекараларына шығаруға қайтаруға қатысты болады. Бұл жоба нақты қай жерде жүзеге асырылатынын Еурокомиссия басшысы нақтылаған жоқ.