ЕО жеті елге 14,2 млрд еуро бөледі

937

Одаққа кіруге ниетті ресми үміткерлер – Албания, Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, сондай-ақ Түркия. 

ЕО жеті елге 14,2 млрд еуро бөледі

Еуропалық Одақ 2027 жылға дейін одаққа кіруге ниетті елдерге 14,2 млрд еуро бөледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz одақтың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Албания, Босния және Герцеговина, Косово, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия және Түркия сияқты жеті серіктес елге ЕО-мен байланысты реформаларды жүзеге асыруға 14,2 миллиард еуро бөлінеді", – деп жазылған хабарламада.

Өңірге арналған қосымша мемлекеттік және жеке инвестициялар ЕО кепілдіктері есебінен жіберілуі мүмкін.

ЕО-ға кіруге ниетті ресми үміткерлер – Албания, Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, сондай-ақ Түркия. Осы елдердің ешқайсысының ЕО-ға шамамен қашан кіретіні жарияланбады. 2018 жылдың күзінде Еуропалық Комиссияның төрағасы болған Жан-Клод Юнкер Сербия мен Черногория Еуропалық Одаққа 2025 жылға дейін кіре алады деп мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу