Эпидахуал: КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады

702

Қазақстанда 20 маусымнан бастап КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Эпидахуал: КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады

Бұл  туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есеге өсті. Тәулігіне коронавирустың расталған саны 2 700 жағдайға дейін, ал расталмаған саны 20 жағдайға дейін тіркелуде. Шілде айында ковидпен ауырған 3 науқас қайтыс болды", – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Айжан Серікбайқызының айтуына қарағанда, ауырған адамдардың 70 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында тіркеліп отыр.

Бүгінде 1 342 пациент емдеуге жатқызылған. Стационарлық емдеу алып жатқан пациенттерге жүргізілген талдауға сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалар 36%-ды, ересек пациенттер 64 %-ды құрап отыр. Жан сақтау бөлімшелерінде 44 пациент жатыр. Ал өкпені жасанды желдету аппаратына 7 пациент қосылған. Олардың ішінде, 70 жастан асқан 6 пациент пен 1 жасқа толмаған нәресте де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу