Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – вице-министр

832

Соңғы 2 аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1,4 есе азайған.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – вице-министр

Елімізде эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 өңір "қызыл аймақта" тұр. 

"Соңғы аптада 4 өңір "сары аймаққа" ауысты: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. "Жасыл аймақта" Түркістан облысы тұр. Соңғы 2 аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталғаны байқалады. Тамызбен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді", - деді Марат Шоранов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін коронавирус жұқтырудың 3 639 жағдайы тіркелді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу