"Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлаушылар белсенді"

695

Эстония Парламентінің депутаттары Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы қалай өтіп жатқаны туралы пікірлерін білдірді.

"Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлаушылар белсенді"

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде Эстония орталық партиясының бас хатшысы Михаил Корб эпидемиологиялық күрделі жағдайға қарамастан Қазақстандағы сайлаушылар өте белсенді екенін айтты.

"Өзім бес сайлау учаскесін аралап келдім. Оның бәрінде заңнама талаптары қатаң сақталғанын байқадым. Комиссия төрағалары да халықаралық бақылаушыларды жылы қарсы алып, барлық сұрағына жауап беріп жатты", – дейді депутат. 

Эстониядағы сайлау тәртібіне тоқталған Михаил Корб өздерінің парламенті шағындау екенін, сайлаушылардың көбі электрондық дауыс беру жүйесін таңдайтынын айта кетті. "Ал Қазақстан халқы азамат ретіндегі ұстанымын сайлауда дауыс беру арқылы көрсетіп отыр. Демек, жұртшылық сайлау туралы жақсы құлақтанған. Маған қазақстандықтардың белсенділігі ұнады. Сайлау рәсімі мен оның қорытындысы жұртшылықтың сенімін ақтайды деп ойлаймын", – дейді Эстония депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу