Жыл басынан бері Түркістан облысында 635 той анықталған.
"Бес күннің ішінде анықталған 115 тойдың 84-і мейрамханада ұйымдастырылса, қалғаны жеке үйлерде өткізілген. Облыс эпидемиологтары өңірдегі жағдайдың күрделенуін тойдың тоқтамауымен байланыстырып отыр. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 5754 жағдай тіркелсе, 12 адам ауыр індеттен көз жұмды. 23-29 шілде күндері коронавирус жұқтыру көрсеткіші 832 ден 928 жағдайға жетіп, аурушаңдық 10,4% артқан", - делінген хабарламада.
Мамандар карантин талабын сақтамаудың соңы аурудың өршіп, өлім жағдайының көбеюіне алып келуі мүмкін деп дабыл қағуда. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 37 тойхананың ісі сотқа өтіп, оның 25-ін 1 айға жабу туралы сот шешімі шыққан. Алайда сот шешімінің мерзімі аяқталған соң, кейбір мейрамханалар той өткізуді қайта жалғастырған. Карантин режимін бұзып жұмыс жасаған объектілер мен жеке тұлғаларға 3500-ге жуық хаттама толтырылып, жалпы соммасы 200 млн теңге айыппұл салынды.
Аян Бекенұлы