"Эпидемиялық қауіп жоқ": Вице-министр тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы туралы

415

Қазіргі мезгілде вирустық аурулардың жалпы таралуы жоғары болады. 

"Эпидемиялық қауіп жоқ": Вице-министр тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы туралы Фото: Үкімет

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге белгілі, күз бен көктем кезіндегі өтпелі уақытта бізде ғана емес, климаты бізге ұқсас елдердің барлығында вирустық аурулардың жалпы таралуы жоғары болады. Дегенмен де, жедел респираторлық аурумен аурушаңдық деңгейі былтырғыдан жоғары емес. Тұмаумен де осындай жағдай. Өзіңіз айтпақшы, кейбір балалар инфекциялық ауруханасында немесе ересектер ауруханаларында уақытша жүктеме болуы мүмкін. Оған түсіністікпен қарауымыз керек. Өйткені бір уақытта көп науқастар жүгінетін болса, біздің жүйеге де салмақ түседі. Ондай жағдайлардың бар екенін растаймын. Әсіресе, үлкен қалалардағы инфекциялық стационарларға науқастардың көбірек келіп жатқаны рас. Бірақ бұл ешқандай эпидемиялық жағдай емес", – деді Тимур Мұратов. 

Тілшілер "Бұдан төнетін қауіп жоқ па?" деп нақтылады.

"Қазіргі күнде біздің басымызға төніп тұрған эпидемиялық қауіп жоқ", – деп жауап берді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу