Эпидемиялық маусым басталғалы тұмаудан 5 адам көз жұмды

553

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елімізде тұмаудан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Эпидемиялық маусым басталғалы тұмаудан 5 адам көз жұмды Фото: google

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудан 5 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар жоқ", - деп жауап берді вице-министр тілшілердің сауалына.

Спикердің айтуынша, 1 қазаннан бастап елде ЖРВИ-дің 2,2 млн жағдайы, тұмаудың 2 284 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

"ЖРВИ және тұмау маусымы жыл сайын қазан-сәуір айларында өтеді. Биылғы эпидемиологиялық маусым тұмау вирусы айналымының ерте басталуымен сипатталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 10%-ға артты", - деді ол.

Айжан Есмағамбетова келтірген деректерге сәйкес, қазанда республика бойынша 2,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды. Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар 518 мың болса, ересектер саны – 1,8 млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу