Ұлыбританияның Кембриджшир графтығындағы Джонсон хайуанаттар бағында ер адам 3 жасар баланы қолтырауындар вольеріне лақтырып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған бала тікұшақпен Кембридждегі Адденбрукс ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.
18 маусымда Норфолк графтығының 30 жастағы тұрғыны кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен қамауға алынды. Полицияның мәліметінше, күдікті мен зардап шеккен бала бұрын таныс болмаған.
Бала суға құлаған мезетте қоршауда бірнеше қолтырауын болған. Хайуанаттар бағының қызметкері қоршауға кіріп, оны құтқарып қалған.
Оқиғадан кейін хайуанаттар бағы тропикалық жануарлар павильонының уақытша жабылғанын хабарлады. Қолтырауындар тропикалық өсімдіктермен қоршалған үлкен су айдындары бар арнайы қоршауда ұсталады, ал адамдар оларды металл қоршаулары бар биік өткелдерден тамашалай алады.