Ер адам әйелі мен қайын енесін темір затпен ұрып өлтірген

254

Күдікті қамауға алынды.

Ер адам әйелі мен қайын енесін темір затпен ұрып өлтірген Фото: canva.com

Өзбекстанның Әндіжан облысында ер адам әйелі мен қайын енесін темір затпен ұрып өлтірді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің дерегінше, 1 тамыз күні сағат 08:30 шамасында Пахтаабад ауданында тұратын 41 жастағы ер адам әйелі және қайын енесімен жанжалдасқан. Содан кейін ол темір затпен екеуіне жарақат салған. Ер адамның қайын енесі оқиға орнында көз жұмды, ал жұбайы ауруханада қайтыс болды.

Өзбекстан Қылмыстық кодексінің "Екі және одан да көп адамды қасақана өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу