Ер адам Астана әуежайына "бомба" қойды

602

Астана әуежайына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат берген жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ер адам Астана әуежайына "бомба" қойды

Астана халықаралық әуежайынан "Астана-Алматы" бағытымен ұшатын жолаушы тіркеуден өту кезінде өзімен бірге бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды.

Алайда Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары жарылғыш затты таппады. Жолаушы болса рейске жіберілмей, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тергеу басталды.

Ер адам бұл қылығын "бір қызды ұнатып, соған әзілдемек ниетте" жасағанымен түсіндірген.

Жыл басынан Астана халықаралық әуежайында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беру бойынша 30 іс тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу